Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты

0 405

Австралияның шығыс жағалауындағы Мортон шығанағында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бортта болған барлық 4 адам оқиға орнында қаза болған. Олардың екеуі бала. Әуе көлігін 69 жастағы ұшқыш тізгіндеген.

Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу ісі басталды. Мамандардың нақты шешімі 6 аптадан кейін белгілі болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.