Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мәңгі есімізде»: Алматыда жүздеген адам Республика алаңына жиналып, желтоқсан құрбандарын еске алды

0 625

Бүгін 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні Алматыдағы Республика алаңында белсенді Жанболат Мамай бастаған тіркелмеген Демократиялық партиясының өкілдері Желтоқсан құрбандарын еске алды. Белсенділер қаза тапқан боздақтарға құран бағыштап, Жаңаөзен оқиғасын да еске алды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Республика алаңында сағат 11:00-ден бастап мобильді интернет жұмысы нашарлады. Еске салайық, бір күн бұрын Жанболат Мамай халықты 12:00-де Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіштің жанына жиналуға шақырған еді.

Алаңды бақылап жүрген полицейлердің саны көбейді. Көліктердің жүрісіне де шектеу қойылып, көшелер жабылды. Желтоқсан көшесінің төменгі жағында полиция көліктері тұрды.

Әкімдікке қарсы тұрған алаңда жүрген шерушілердің саны шамамен жүз шақты адам болды. Олар қолдарына плакат ұстап, Жаңаөзен шындығының ашылуын талап етті.

Жиналғандар Тәуелсіздік монументінің жанына келіп, кезек кезекпен өз пікірлерін айтты.

Біраздан соң әкімдік пен прокуратура өкілдері еліп, шараның заңсыз өткізіліп жатқанын ескертті. Бірақ жиналғандар олардың сөздеріне құлақ аспады.

Алаңда сондай-ақ Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының он шақты өкілі Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алып, арт-перформанс шарасын өткізді. Перфомансты ұйымдастырушылар нысананың суреті бар ақ костюм киіп, қызыл бояу жағып алған. Олар осылайша оқиға құрбандарын бейнелеуге тырысқан. Жиналғандар мен өткінші адамдар оларды видео мен фотоға түсіріп жатты.

перфоманс оян казахстан

Жиналғандар шара соңында Желтоқсан мен Жаңаөзен құрбандарына құран бағыштап, олардың мәңгілік есте сақталындықтарын айтып жатты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.