Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығындағы межелерді атады

0 228

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығы қандай міндеттер жүктейтінін айтты,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тарихи уақыт өлшемімен қарағанда 30 жыл деген – қас-қағым сәт. Ал, өткен оқиғалар тұрғысынан бағаласақ, ғасырларға татитын мерзім. Қазақстан халқы үшін бұл – азаттық жылнамасының тұтас дәуірі. Жарқын болашағымызға жол салған ұлы жетістіктер кезеңі. Енді Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрмыз. Бұл кезең бізге жаңа міндеттер жүктейді. Мемлекеттігімізді одан әрі нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыра түсуіміз керек. Сондықтан, барлық саладағы реформаны жалғастыра береміз», – деді Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі буынның міндеті Тәуелсіздікті қорғап, нығайту екенін еске салды.

«Ең бастысы, бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтай білуіміз қажет. Сонда азаматтарымыз Тәуелсіздіктің игілігін әрдайым сезінетін болады. Біздің мақсатымыз – осы. Бабаларымыз ғасырлар бойы Тәуелсіздікке жету үшін күрессе, ендігі ұрпақ Тәуелсіздікті қорғап, нығайту үшін күреседі. Біз бүгінгі елдік істерді жастарға аманаттаймыз.

Қазіргі ауқымды жұмыстың бәрі жарқын болашақ үшін жасалуда. Егемендік кезеңінде ойы азат, рухы биік Тәуелсіздік перзенттері өсіп-жетілді. Шын мәнінде, олардың әлеуеті өте зор, мүмкіндіктері орасан. Өскелең ұрпақ аға буынның тәжірибесін пайдаланып, үмітін ақтайды деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.