Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Ел Егемендігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты іс шара өткізді. Шараға осы саланың ардагерлері мен қылмыстық атқару жүйесінде жұмысын мінсіз атқарған қызметкерлердің ата – аналары арнайы шақырылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі .
Айтулы кеште Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомар Тоқаевтың Жарлығымен 6 қызметкер, Ішкі істер министірінің бұйрығымен 5 қызметкер Қылмыстық атқару жүйесі төрағасының бұйрығымен 6 қызметкер, облыс әкімінің бұйрығымен 7 қызметкер және полиция департаменті бастығының бұйрығымен 4 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар ардагерлер мен ата-аналар да алғысқа бөленді.