Қалалық қоғамдық-саяси газет

Хирург облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

0 517

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Тимур Сұлтанғазиев тағайындалды, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі inform.kz. сайтына сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігінің келісімі жәнеСолтүстік Қазақстан облысының әкіміҚұмар Ақсақаловтың өкімімен бүгіннен бастап Тимур Сұлтанғазиев облыс әкімінің орынбасары қызметіне кірісті.

Ол экономика, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау, еңбек инспекциясы, дене шынықтыру мен спорт саласына жетекшілік ететін болады.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін хирург дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Сондай-ақ АҚШ-та Тюлэйн университетінде (Tulane University) денсаулық сақтау жүйесінің менеджері мамандығын алып шықты.

Еңбек жолын 2006 жылы Астанадағы №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастаған.

2010-2013 жылдары Астана қаласында «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-та түрлі қызметтер атқарды.

2013-2014 жылдары медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының президенті болды.

2014-2016 жылдары «Medicare» ЖШС бас директорының орынбасары болды.

2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Жобаларды басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары СҚО Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.