Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дулати университетінің студенті 3 миллион теңге грант жеңіп алды

0 174

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен жас таланттарды қолдау және үздік жобаларды іріктеу мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Ақордаға аталған байқауда жеңіске жеткен 30 талантты жас арнайы шақырылды. Байқауда 14 пен 29 жас аралығындағы дарынды өрендер ғылым, медиа, бизнес, мәдениет және IT саласы бойынша жобаларын ұсынған болатын. «Үздік» деп танылғандарына Президент қаржылай сыйақы берді. Енді олар бұл қаржыны ойға алған жоспарларын жүзеге асыруға жұмсайды.

 «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты ғылым, ақпараттық технология, мәдениет, медиа және бизнес бағыттары бойынша тапсырылды. «Үздік» деп танылған 30 жастың әрқайсысына 3 млн теңгеден қаржылай сыйақы берілді. Бұл марапат талапты ұл-қыздардың бастамаларын қолдау үшін жасалған қадам

М.Х.Дулати атындағы Тараз өнірлік университетінің 2-ші курс студенті Жасұлан Дүйсени өзінің «Vulpis Plastic» атты тұрмысқа, автокөлік индустриясына, жиһаз өнеркәсібіне қажетті пластикалық өнімдерді термо-вакуумдық қалыптау арқылы өндіруге бағытталған жобасы үздік деп танылып, Мемлекет басшысының қолынан марапат қабылдады.

Дүйсени Жасұлан Мұратұлы осындай үлкен табысымен құттықтаймыз!

Дулати университетінің
медиа-қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.