Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жұлдызай Дүйсенбиева ашық-шашық киінетін шоу-бизнес өкілдерін сынға алды

0 248

Жүктілігіне қарамастан, ашық-шашық фототүсірілім өткізіп, елден ұрыс естігендердің бірі – Әсел Асқар. Алайда елдің сөзіне мән бермейтін блогер өз қылығынан еш әбестік көрмегенін айтады.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Оған біздің халық үйреніп қалу керек қой. Ол – өнер. Өнер жолындағы адамдар, ішкі дүниесін солай ғана көрсете алады. Солай өздерінің ойларын жеткізе алады. Неге адамдар шулай береді? Мен соны түсінбеймін», – дейді ол.

Ал Жұлдызай Дүйсенбиева аталмыш жаңашылдықты түсінбейтінін, тіпті іштей қарсы екенін айтып қалды. «Кейде көрсетпей, жасыратын жерлер де болады», – дейді актриса.

«Біз енді мың да тоғызыншы жылдардағы адамдармыз ғой, 2000 жылғы емес. Содан да шығар, көзқарасымыз басқашалау. Мен қолдамаймын. Оған да кейде бір қарным ашады. Дәл қазір ешкімге ақыл айтатын жайым жоқ. Өйткені ақыл тыңдайтын заман емес. Бірақ өзімнің танитын адамдарыма қатты батырып айтпасам да, айтып қаламын», – деді Жұлдызай.

Ашық образда желіге фото жүктейтін жұлдыздарды Нұржан Керменбаев та түсінбейді екен. Әнші «Әрненің шегі болуы керек», – деген пікірде.

«Ең бастысы шектен тыс шығып кетпеу керек. Ол фотосессия, видео, жалпы өнер болсын», – деді әнші.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.