Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

0 173

Атырауда жедел жәрдем көлігі аударылып қалып, фельдшер жігіт аураханға жеткізілді, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kzсайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 13 желтоқсан 11:00 шамасында Атырау маңындағы ықшам аудандардың бірінде болды. Жедел жәрдем бұрылып жатқанда, Volkswagen Touareg жанынан келіп соғып, көлікті аударып тастады.

«Тергеу амалдары басталды. Бір адам ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен – 27 жастағы фельдшер екені белгілі болды. Оның басы жарылып, миы шайқалған.

«Фельдшер қызмет бабында жарақат алды. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы тұрақты, бас-ми жарақаты бар», –  деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.