Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарақат Әбілдина егде жастағы әйелдің тұсауын кесті

0 205

Естімеген елде көп! Қарақат Әбілдина егде жастағы әйелдің тұсауын кесті. Әншінің 50 жас шамасындағы тыңдарманы оған ерекше ұсыныс тастаған, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Басынан өткен қызықты оқиғасын Әбілдина Instagram-дағы парақшасында баяндады. Әнші бұл күннің мәңгі есінде қалатынына сенімді.

«Баланың тұсауын кесіп болғаным сол еді, жасы 50-дің шамасындағы салиқалы апайымыз келіп «менің де тұсауымды кесіп берсеңіз» деп өтінді. Басында әзіл шығар деп ойласам, шын айтып тұр екен. Сөйтіп көпшіліктің алдында алғаш рет үлкен кісінің де тұсауын кестім. Екі келіні бар екен, «қыз немере сыйласыншы, сіздің жолыңызды берсін» деп ырымдаған түрі», – деп жазды Әбілдина.

Қарақаттың ырым жасауда тәжірибесі мол. Әнші біраз жыл бұрын бала көтере алмай жүрген құрбыларының балалы болуына себепші болғанын айтады. 

«Бір отырыста бала көтергісі келіп жүрген қыздарға кілең егіздетіп босанған көпбалалы аналар тұрып «бұттан өту» ырымын жасаған болатынбыз.
Ең қызығы бұттан өткен қыздардың барлығы қырықтан асқанда бөпелі болған екен. Арасында өтпеген қыздар да болған «біз өтпеп едік, болмады» деп осы әңгімені өздері айтып отыр кеше. Сәйкестік пе? Ниеттен бе? Қызық, иә? Өмірде талай қызық бар деген осы шығар», – деді әнші.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.