Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұржан Есмаханов – Мәжіліс депутатының қоғамдық көмекшісі

0 273

Жерлесіміз Нұржан Есмаханов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сырым Адамбаевтың шақыртуымен елордаға арнайы барып қайтты,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Сырым Жұматайұлы жерлесімізге сенім білдіріп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының қоғамдық көмекшісі куәлігін табыс етті.

– Бұл тек маған ғана емес, қоғамдық жұмыстарда бірлесе еңбек етіп жүрген барша азаматқа артылған сенім деп білемін.  Бұл маған зор жауапкершілік жүктеп отыр. Енді осы сенімнің үдесінен шығуға бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын, – дейді Нұржан Есмаханов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.