Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маңғыстау облысында сирек кездесетін жыртқыш аң суретке түсірілді

0 758

«Қызылсай» Мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы инспекторлары жыртқыш мысық тұқымдас аңдар суретін жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Lada.kz. сайтына сілтеме жасап.

Облыстық инспекция мәліметінше, қарақал түрік тілінен аударғанда «қара құлақ» деген мағына береді.

«Бұл мысық тұқымдас сүтқоректі жыртқыш. Ұзақ уақыт бойы қарақал сілеусін қатарына жатқызылды, сыртқы түрі ерекшеленеді. Алайда бірқатар генетикалық ерекшеліктеріне байланысты ол жеке тұқымға бөлінген. Ол шөлді жерлерде кездеседі. Қарақал, негізінен, түнде белсенді. ТМД аумағында саны аз, ол «Қызыл кітапқа» енгізілген», – деді мамандар.

Қазақстанда қарақал Каспий теңізінің жағалауында кездеседі. Маңғыстау облысында шамамен, 300-400 түрі бар.

Тағы бір суретте облыстық аумақтық инспекция мәліметі бойынша, дала мысығы түсірілген. Мысық тұқымдасы мысықтардың жыртқыш өкілі саналады. Бұл түр кең таралған және «Қызыл кітапқа» енбеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.