Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талантты балғындар таңдай қақтырды

0 221

  Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік концерт өтті,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

  Концертте республикалық байқауларда жүлделі болған балғын әншілер мен мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Мысалы Түркияда өткен «Арт-Талант Анталия» халықаралық байқауында бас жүлде жеңіп алған Саят Әлиханның өзі бір төбе. Ол Әуезхан Салабековтың «Қазақ елі» әнін әуелете орындап, көрерменді тәнті етті.

Сонымен қатар «Жұлдыз болғың келсе…» атты Республикалық байқаудан бас жүлдемен оралған Аиша Бақытжанқызы сыңғыр даусымен «Әнші құс» әнін шебер шырқады.

Қалалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауының лауреаты Кәусар Назар, Республикалық «Ғұмырдария» байқауының бас жүлдесін еншілеген Нұрай Бескемпір, Димаш Құдайбергеннің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық «Бақытты бала» байқауының жеңімпазы Айлуи Заушева сынды жас өрендерге көрермен ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ талай жарыстарында жүлделі болған басқа да балғын әншілер мен «Бозторғай» би ансамблі, «М-арт» би студиясының талантты балалары концерттік бағдарламаның көркін ашты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.