Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мереке қарсаңында меркілік еңбек ардагерлері шипажайға жолдама алды

0 206

Меркі ауданында көп жылдар бойы еңбек еткен шопандар, сауыншылар, механизаторлар, бригадирлерден құралған 80-нен астам еңбек ардагерлері Сарыағаштағы шипажайға жолдама алды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Аудан әкімі Руслан Нұрсипатовтың айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев үнемі Тәуелсіздік жолында еңбек етіп, тер төккен, ауылдың еңсесін көтеріп, егіншілік пен мал шаруашылығын түлеткен азаматтарға құрмет көрсетуді үнемі тапсырып, көңіл бөлуде.

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Қазақстанның дамуына үлесін қосқан азаматтардың көпжылғы еңбегін елеп ескеріп, 83 ардагерді демалысқа жіберуді ұйғардым. Кеңес одағы тарағаннан кейін қандай жағдай болғанын осы буын ағаларымыз бен апаларымыз нақты біледі. Сондай-ақ, 30 жыл ішінде Елбасының сарабдал саясатын басшылыққа алып, еліміздің толағай табыстар мен жетістіктерге жету үшін үлкен үлес қосып атсалысты. Бүгінде Президентіміздің халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп, сабақтастық жолымен жалғастарған жұмыстарын әрдайым ел ішінде айтып жүр», – деді ол.

Кезінде колхоз, совхоздарда 60-70 мың бас мал сай-сайда жатса, қазір қазақтың жайылымға малы, қырманға дәні сыимайды. Бұл өрісіміздің кеңейіп, дәулетіміздің артқанын білдіреді деп айтуға болады.

Өз кезегінде қариялар да ықыластары мен алғыстарын білдірді. Андас батыр ауылында ұзақ жылдар медбике болған Байқұлақова Күлпан апа, Ақермен ауылында бригадир болған Жетпісбаев Серікбай ақсақал, Сұрат ауылында колхозда жүргізуші-шофер болған Омаралиев Нұрмаш қария тілектерін айтып, осы бастаманы қолға алып, қариялардың емделіп, демалып келуіне жағдай жасағаны үшін рахметін жеткізді.

«Ұзақ жылдар еңбек еткенде ешкім елемеуші еді, зейнетке шыққаннан кейін тіпті ұмытылдық па десек, мына жаңалық бізді қатты қуантты» – деп, Елбасына, Президентімізге, облыс басшысына алғыстарын жеткізіп, ақ баталарын берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.