Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әбдір Сағынтаевты еске алуға арналған турнир мәресіне жетті

0 580
  Күні кеше Тараз қаласында Ұлы Отан соғысының майдангері, КСРО Еңбек Ері Әбдір Сағынтаевтың 100-жылдығына арналған бокстан жасөспірімдер арасында өткен 1-ші республикалық ашық турнирдің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Оған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев және басқада құрметті қонақтар қатысты.
– Тараз қаласында жасөсіпірімдер арасында өткен бұл бәсекенің өңір спортын дамытудағы маңызы зор. Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын.
Келер жылдан бастап облысымызда Бокс орталығы салына бастайды. Ондағы мақсатымыз – Жамбылдан шығатын болашақ Олимпиада, Әлем чемпиондарын тәрбиелеу,-деді Бердібек Сапарбаев.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.