Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бұған дейін де суицид жасамақ болған: Атырауда 19 жастағы қыз 16-қабаттан құлады

0 579

Атырауда 19 жастағы бойжеткен көп қабатты үйдің 16-қабатынан құлады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Ақ жайық” басылымының мәліметінше, ол қаланың Алмагүл шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен секіріп, суицид жасаған.

Марқұм қыз Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің 3 курс студенті болған. Университет өз кезегінде студент жақсы оқығанын, белсенді болғанын, қоғамдық шараларға қатысып жүргенін хабарлады.

Белгілі болғандай, бір ай бұрын қыз өзін-өзі өлтіруге тырысқан. Ол кезде қыз ғимараттардың бірінің жоғарғы қабатынан секіруді көздеген. Бірақ ол кезде жағдайды күзет байқап, аман алып қалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.