Қалалық қоғамдық-саяси газет

Байзақ ауданында Сарыкемер ауылы ауыз сумен қамтылды

0 406

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, үш жыл мерзімге созылған су қабылдау нысаны және су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, Сарыкемер ауылдық округі тұрғындарының игілігіне ұсынылды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Сарыкемерлік тұрғындардың қуанышына аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев ортақтасып, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты шарада ауданның құрметті азаматы Бердібек Омаров пен еңбек ардагері Таңатар Есалиев лента қиып, жаңа нысанның ішін аралады.

Жиылған көпшілік ондағы құрылғылардың атқаратын қызметімен танысып, таза ауыз судан дәм татты.

•Байзақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.