Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таласта көп балалы отбасылардың саны толықты

0 306

Бүгін Талас ауданында алтын құрсақты аналардың қатары толықты. Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, 3 ананы «Алтын алқа», 4 ананы «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Ат төбеліндей қазақ деген халықтың санын көбейтуге үлес қосып, Ұлы даланың жер жаһанда беделі мен берекесі артуына ықпал етер болашақ ұландарымыз бен қарлығаштарымызды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналар өздеріне лайықты марапатты мойынға тағынды.
«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы – баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар»,-деді Қанатбек Қайшыбекұлы құттықтау сөзінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.