Қалалық қоғамдық-саяси газет

WhatsApp арқылы енді криптовалюта аударуға болады

0 257

Төлем сервисінің басшысы Стефан Касриель өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мессенджердің Novi төлем сервисімен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі naryk.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алайда әзірге бұл қызметті тек АҚШ-тағы шектеулі қолданушылар ғана пайдалана алады.

Novi – Meta корпорациясының цифрлық әмияны. Бір жыл бұрын пайдала болған. Цифрлық әмиян Paxos компаниясы шығарған АҚШ долларымен кепілдендірілген Pax Dollar (USDP) стейблкойнмен жұмыс істейді.

Әмиян сайтының хабарлауынша, төлемдер кез келген WhatsApp аудырмдары секілді жұмыс істейді.

Криптовалюта аудару мен қабылдауға ешқандай комиссия жоқ. Сонымен қатар аударым саны мен оны кәдімгі ақшаға айналдырып шығарып алуға да шектеу жоқ. Алдағы уақытта бұл қызмет өзге елдердің де қолданушыларына қолжетімді болмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.