Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтауда балалар мінген автобус өртенді (Видео)

0 147

Әлеуметтік желіде автобустың жол бойында өртеніп жатқан видеосы жарияланды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 9 желтоқсанда 17:20 шамасында Ақтаудағы Приморский шағынауданында болған. Куәгердің айтуынша автобус ішінде болған 30-ға жуық бала дер кезінде шығарылған.

Куәгер Руслан оқиғаның қалай болғанын lada.kz-ке айтып берген.

«Мен автобусқа жақындағанда, капотынан жалынды байқадым. Ішінде балалар болды. Қанша бала екенін нақты білмеймін, бірақ автобустың артқы жағында көп бала отырды. Жан-жақтан жиналған адамдар балаларды шығарып үлгерді. Олар қорқып қалған. Біз соңғы баланы шығарған кезде автобус толық отқа оранды», – деді куәгері Руслан.

Тағы бір куәгердің айтуынша, автобуста шамамен 30 бала болған.

«30-ға жуық бала болды, оларды тез арада басқа автобусқа ауыстырып, алып кетті. Содан кейін ата-аналар келді. Мүмкін кейбірі балаларын басқа автобусқа ауыстырғанын білмеген де шығар», – деді куәгер.

Орталық коммуникациялар қызметі өртенген автобуста ешкім зардап шекпегенін хабарлаған.

«WhatsApp-та 9 желтоқсанда балалар отырған автобустың өртенгені туралы ақпарат тарады. Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.