Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда Tik-Tok түсірген жігіт істі болды

0 348

Алматылық жігіт Шамалған станциясында Tik-Tok түсіремін деп істі болды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің басөз қызметі хабар таратты.

«Темір жол бойында рейд жүргізген Шамалған станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 24 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ол танымал Tik-Tok желісіне жүріп бара жатқ етіп түсірген», – дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Жас жігіт бұл қылығы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 560-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыс пен әкімшілік құқық бұзу фактілерінің жолын кесу үшін көліктегі полиция департаменті 5-11 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. 5 күнде 28 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, 1192 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 33-і ұсақ бұзақылық, 202-сі қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу, 110-ы көші-қон заңнамасын бұзу фаткілері бойынша тіркелді», – дейді департамент бастығы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.