Қалалық қоғамдық-саяси газет

Арайлының «J.A.S» жырлары жүрекке жол тартты

0 306

   Бүгін «Анаға тағзым» орталығында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен шыққан жас ақын Арайлы Жақсылықтың J.A.S атты кітабының тұсауы кесілді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Тәуелсіздіктен кейін ақындардың шоғыры шоқ жұлдыздай қатарласып көрініп келеді.  Сол жұлдыздардың қатарында жаңадан көрінген ақынның бірі осы Арайлы Жақсылық. Ақынның өзі қандай болса кітабы да сондай.  Ақынның жан тазалығы мен сезім пернелері кітабының сыртқы мұқабасынан ақ көрініс тауып тұр.

– Кітабымның аты «J. A. S»  деп аталуының да өзіндік себебі бар. Оның мағынасы Жақсылық Арайлы Серікқызы дегенді білдірсе, тағы бір мағынасы –кәдімгі көз жасы дегенді немесе адамның жасы дегенді де білдіреді.  Осы тақырыптың өзінде менің балалығымның тәтті елестері, 25 жасқа дейін кешкен күйлерімнің беймезгіл сәттері барлығы сиып тұр деп ойлаймын,– дейді автор.

Кітаптың алғы сөзін жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы жазған.

Ақынның тұсау кесеріне облыстағы үлкен-кіші ақын,журналистердің бәрі қатысты. Үміт Битенова, Ғайни Әлімбекқызы сияқты ақын апаларының ізін басып келе жатқан,  жауқазын жыры енді ғана қауашақ ашқан Арайлының кешіне облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек де келіп қатысып, жастардың шығармашылығын қолдауға қашанда дайын екендігін жеткізіп, авторға ақжол тіледі.

Мезгіл барын, кезең барын құйтырқы, 
Кеш ұғынған қалпым үшін мың нала. 
Сиқырына сендірмейтін сый тұрқы, 
Жиырма жылдық жетім ойлар-жылнама, – деп жырлаған ақын Арайлының алдағы шығармашылық сапарына бізде сәттілік тіледік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.