Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бұл – хайп»: Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысы жайлы сұрайтын журналистерді сынға алды

0 327

Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысы жайлы қойылатын сауалдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Соңғы уақытта лауазымды тұлғалар қатысқан ешбір баспасөз конференциясы айлық жалақы мен азық-түлікке жұмсайтын қаржы туралы сұрақсыз өтпейді. Экономикалық қиын кезеңде көпшілігінің жауабы тұрғындар арасында сынға ұшырайтыны белгілі», – деді Дәурен Абаев.

Абаев журналистердің мұндай сауалдарын «хайп» деп бағалап, әріптестеріне де кеңесін берді.

«Мұны «хайп» дер едім. Пара алуға қатысты заң бұзушылықтар, лауазымын асыра пайдалануды сынаумен келісемін. Мұнда барлығы орынды. Алайда журналист зерттеу жүргізіп жатқандай түрмен министр мен әкімге сауалға қойғанда менің күлкім келеді. Ал Үкімет пен әкімдіктегі әріптестеріме қызармай, байсалды түрде жалақылары жайлы айтуға кеңес берер едім», – деп мәлімдеді Дәурен Абаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.