Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

“Атырау карантинге жабылады”: Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады

0 484

WhatsApp мессенджерінде Атырауды 10 желтоқсаннан бастап карантинге жабатыны туралы жалған ақпарат тарады. Атырау облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Бұл ақпарат негізсіз. 2021 жылғы 8 желтоқсанда Атырау облысының бас санитар дәрігерінің №24 “Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы” қаулысы шықты. Мұнда Атырау облысының бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Жаңа қаулыда Атырау облысының толық карантинге жабылғаны туралы мәлімет көрсетілмеген”, – деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Әкімдік жалған ақпараттарға емес, тек сенімді дереккөздеріне сенім артуға шақырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.