Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курс студенті өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Қайғылы оқиға туралы оқу орны әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Біз студентіміз Сергей Лидің қайғылы қазасы туралы өкінішті хабар алдық. Студенттің отбасы мен туған-туыстарының, достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сергей өте жарқын және ақкөңіл адам болды”, – делінген ресми хабарламада.
Университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.
“Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтап жатыр”, – дейді университет қызметкерлері.
Ал әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған. Оны екі пән бойынша сынақ тапсыра алмады. Студент өз-өзіне қол салғаны хабарланды.
Алматы қалалық полиция департаменті де қайғылы оқиғаны растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы (“Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу”) бойынша тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.