Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан мен АҚШ 2023-2027 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қоюға дайындалып жатыр

0 381

Қазақстан мен АҚШ 2023-2027 жылдарға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қоюға дайындалып жатыр, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

“Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының қорғаныс істері жөніндегі ведомстволарының үйлестіруші офицерлерінің жұмыс тобының отырысы өтті. Қорғаныс ведомстволарының өкілдері 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады”, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша негізгі күш-жігер әскери білім беру, бітімгершілік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кәсіби әскери-медициналық және инженерлік кадрларды даярлау мәселелерін шешуге бағытталған.

Қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың осы және басқа да аспектілері қазіргі уақытта қол қоюға дайындалып жатқан 2023-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың келесі бесжылдық жоспарында көрсетілген.

Қос тарап жыл сайынғы жұмыс кездесулерінде сарапшылар екіжақты әскери ынтымақтастықты дамытудың нақты бағыттарын егжей-тегжейлі талқылап, анықтай алатынын атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.