Әлеуметтік желіде бір азаматты полицейлер күштеп әскерге жібермек болып, күртешесін жыртып тастағанын айтқан видео тарап жатыр. Бұл жағдайға Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде түсініктеме берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.
Сонымен бірге олар оған күш қолданып, дөрекі түрде сауда орталығынан алып шығып, күртешесін жыртқан. Жігіт не болып жатқанын видеоға түсіріп, прокуратурамен қорқытқаннан кейін оны тастап кеткенін айтты. Видео авторы жігіттің отбасылық себептермен әскери қызметтен кейінге қалдырылғанын мәлімдейді.