Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таласта ерекше дарын иесінің шығармашылық кеші өтті

0 193

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, Талас ауданы Қаратау қаласы, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында «Желтоқсан желі» әнінің авторы, әрі орындаушысы, қазақтың сазгерлік өнерінде өзіндік шеберлігімен, табиғи талантымен, шынайы дарынымен ерекшеленіп, халқының, өнер сүйер жұртшылықтың ыстық ілтипаты мен сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген, сазгер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Талас ауданының «Құрметті азаматы» Әбиірбек Тінәлінің «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым — Желтоқсан» атты шығармашылық кеші өтті.
Кеш барысында әнші, сазгер Әбиірбек Берденұлы бүгінгі күнге Желтоқсаншылардың гимніне айналған «Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихы туралы шер тарқатты. Одан бөлек, ерекше дарын иесі алдағы шығармашылық жұмысы туралы сөз қозғады.
Кешке мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев келді. Кеште әнші өзінің шығармашылығындағы қос әуенін көпшілікке орындап берді.
Шығармашылық кешке қатысқан аудан басшысы Қанатбек Мәдібек Талас жерінен шыққан сазгер, әнші Әбиірбек Берденұлына Талас жұрты атынан алғысын білдіріп, сый сияпатын табыс етті.
Атағы алты алашқа жайылған Әбиірбек Берденұлы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, көңілден кетпестей кеш ұйымдастырған Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібекке және барша Таластық жерлестеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.