Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түлектер тартуына алғысымыз шексіз

0 316

Осы жылдың қыркүйегінде Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің осыдан 45 жыл бұрын бітірген түлектері мектеп кітапханасына 5 кітап сөресін сыйға тарту етті және Ғани Мұратбаевтың бюстін жасатып, мектепке сыйлады.

Мектепті бітіргендеріне ширек ғасырға таяп қалса да, білім ордасына деген ризашылықтарын үлкен сезіммен, ұлы ниет арқылы жүзеге асырған түлектерге бүгінгі күн алғысымыз зор. Кеше ғана жөндеуден кейінгі мектеп кітапханасына кітап сөрелері өте қажет болатын. Сол қажетімізге қол жеткізуімізге мүмкіндікті туғызған осы түлектердей азаматтар мен азаматшалар қатары көп бола берсін. Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. Кітапханаға жасалған тарту адамзатқа жасалған тарту іспетті. Түлектерге ерекше алғыс білдіреміз.

Гүлназ Маханова,
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.

Раушан Нартаева,
кітапхана меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.