Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаржы агенттігі Алматыда 1 миллион долларды өртеп жіберді (видео)

0 385

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен аса ірі мөлшерде жалған шетел валютасын жойды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалған ақша жасауға қарсы тұру қаржы мониторингі агенттігінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Шетел валютасы 2020 жылдың соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алынды.

Қызметкерлер жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ доллары сомасына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан.

Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.

Сот үкімімен Т. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.