Қалалық қоғамдық-саяси газет

Меруерт Түсіпбаева көпбалалы аналарға көмектеспек

0 781

Меруерт Түсіпбаева соңғы кездері шығармашылықты шетке ысырып, әлеуметтік желідегі белсенділігін арттырған. Әншінің әр сөзі дауға ұласып кететіні де рас. Әділетсіздікке ұшыраған жандарды қорғап, пост жазып жүрген әнші енді желіде ғана емес, қоғамдық өмірде де маңызды мәселелерді қозғамақ. Түсіпбаева көпбалалы аналарға жәрдемдесетінін мәлімдеді. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Елге қалай көмектесуге болады? Елге қалай қарлығаштың қанатымен су сепкендей болсын, қандай көмек бере аламыз? Осы тұста үлкен қуанышты жаңалықты айта кетсем болады. Құдай амандығын берсе, біз осы жаңа жылдың қарсаңында көпбалалы аналарға көмек береміз», – деді әнші.

Қайырымдылық жасауды ұйғарған Меруерт Түсіпбаева: «Сәтін салса үлкен қор ұйымдастырамын», – деп отыр. Эстрада жұлдызы көмекке мұқтаж көпбалалы аналарды керек-жарақпен қамтамасыз етпек.

Түсіпбаева қоғамдық істерден бөлек, бүгінде сән саласында да өзін байқап жүр. Әнші жас дизайнерлермен бірігіп, нәзік жандыларға арналған коллекция ұсынған болатын.

«Барлығымыз дизайнер болып кетпесек те, негізі кішкентай кезімізден ою ойып, тоқыма тоқыдық. Қазіргі уақытта болмаса да, кезінде киім де тіктік, піштік, өйткені ешқандай киім болған жоқ», – деді Түсіпбаева.

Меруерт соңғы кездері шығармашылығын шеттетіп қойғанын жасырмайды. Әнші тіпті: «25 жылдық мерейтойына арнап ауқымды концерт бермеймін», – деп отыр.

«Қазіргі таңда еліміздегі жағдай қиын. Қайтадан пандемия басталып кету қаупі төніп тұр. Сондықтан да, үлкен концерт жасамаймын деп шештім. Себебі, бұл үлкен жауапкершілік», – деді өнер иесі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.