Қалалық қоғамдық-саяси газет

22 жыл бұрын Павлодарда адам өлтірді деген күдікті Дағыстанда ұсталды

0 301

Осыдан 22 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікті павлодарлық жедел уәкілдердің атсалысуымен Дағыстанда ұсталды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Іздестіру нәтижесінде, Павлодар облысының жедел уәкілдері Ресейдің Дағыстан Республикасының Каспий қаласында Павлодар облысының Екібастұз қаласында кісі өлтірді деген күдікпен 41 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған күдікті қамауға алынды.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов: «1999 жылы 4 сәуірде сағат 19.00-де Екібастұз қаласындағы Ломоносов көшесіндегі үйдің кіреберісінде 19 жастағы жігіт оқ атып, 36 жастағы тұрғынды өлтірген. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге іздеу жарияланды, – деді.

Тергеу барысында 1999 жылы күдіктінің таныстарымен бірге бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны анықталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.