Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айжан Байзақова: Сүйіктім опасыздық жасаса кешірмеймін

0 226

Атышулы блогер Айжан Байзақова ерлердің адалдығы жайлы сөз қозғады. Бикеш сүйіктісі опасыздық жасаған жағдайда, кешірмейтінін, қарым-қатынасты бірден үзетінін айтты. Сондай-ақ, Айжан өмірінде анасын бірінші орынға қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тіпті өз әйелін сүйетін еркектердің опасыздыққа үйір келетінін білемін. Біреу ашық түрде жасаса, біреу жақсылап жасырады. Ерлер ол жағынан әлсіз, не істейік енді?» – деп жазды Байзақова Instagram-да.

Алайда Айжан өзіне опасыздық жасалса, кешірмейтінін кесіп айтты.

«Неке мен көп бала мені тоқтатпас еді. Бірден үлкен нүкте қояр едім. Бірақ мұндай шешім қабылдау маған жеңіл болуы мүмкін. Себебі мен эмоционалды және қаржылық жағынан тәуелсізбін. Жалпы адамдарды оңай жіберемін, себебі оның орнына одан да жақсысы келетінін білемін. Соңында расымен солай болып шығады», – деп ағынан жарылды ол.

Бұдан өзге, блогер өмірінде анасын бірінші орынға қоятынын айтты. 

«Барлық сырымды анаммен бөлісуге тырысамын, оның түсінігі мол. Бірақ өзім шеше алатын көптеген мәселелерді айтпаймын, одан қорғаймын. Мен үшін анам бірінші орында. Көпшілік мұның дұрыс емес екенін айтады, бірақ менің миымда қатып қалған қағида осы. Ол үшін бәрін істеймін. Себебі ол бүкіл өмірін бізге арнады, ал қазір өмірдің бар рахатын сезінуі тиіс», – деді Айжан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.