Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласында болған желдің салдарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

0 240

  2021 жылғы 17 қарашада 23-28 м/с орташа жылдамдықпен және кей уақытта екпіні 35 м/с дауылды жел орын алды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Желдің салдарынан қала аумағында орналасқан 98 көпқабатты тұрғын үй, 32 білім, 9 спорт нысандары, 66 жеке тұрғын үйлер және 30 басқа да нысандар зақымдалды.

Қала әкімдігі тарапынан залал келтірілген нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ақау актілері мен сметалық құжаттары әзірленді.Нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен 103 нысанды жөндеу қарастырылуда.
98 көпқабатты тұрғын үйдің 96-ның жұмсақ және темір шатыр жабындылары қалпына келтірілді.
5 мектептің шатыры ағымды жөндеуден өткізу үшін қаражат көздері қарастырылуда.

Түрлі зардап шеккен білім нысандары, яғни 15 мектеп пен 12 бөбекжай балабақшалардағы қалпына келтіру жүмыстары мекемелердің өз есебінен жүргізіліп, барлығында толығымен аяқталды.
9 спорт нысандарын (кіші футбол алаңшаларын) №20, 27 кіші футбол алаңдарында жөндеу жұмыстар аяқталды. Қалғандарында жалғасуда.

Қала көшелерінің қиылысында орналасқан 12 бағдаршамның бағдаршам шамдары бағана тіректеріне уақытша орналастырылды және қазіргі уақытта толығымен жұмыс жасап тұр.
Қала әкімдігі тарапынан коммуналдық кәсіпорындармен бірлесе жылу, электр, газ, су желілерін қалпына келтіріп, қайта іске қосу жұмыстары жүргізілді.

Жылу беру бойынша, 5 қазандық іске қосылды (100%), қалада жылу тұрақты берілуде.
Газбен қамту бойынша, 226 абонент қайта қосылып, толық орындалды(100%).
Электр жүйелері бойынша,17-24 қараша күндері аралығында қала тұрғындарынан 862 өтініш түскен болатын. Электр желілерін басқарушы мекеме тарапынан өтініштерді қанағаттандыру мақсатында, аудандардан қосалқы бригадаларды тарта отырып, жалпы саны 38 бригада қаладағы жоғары кернеулі электр желілері 100% қалпына келтіріп, барлық алқаптардағы трансформаторлық тораптарға және нысандар мен тұрғын үйлерге электр қуатын берді.

Жел салдарынан құлаған 215 тал кесіліп, орындары тазаланды. Жұмыстарға 4 бригада мен 10 техника жұмылдырылды. Кесілген талдар жалпы көлімі 557 текше метр құрады және тұрғындарға таратылып берілуде.
Қала бойынша 34 билбордтың 33-і, 5 пилондағы 10 баннердің 8-і ретке келтірілді. Қала көшелерінде орналасқан жалаушаларды жаналанды.

Қазіргі уақытта, барлық коммуналық кәсіпорындар мен мекемелер штаттық режимде жұмыс жасауда.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.