Қалалық қоғамдық-саяси газет

UFC балуаны Жалғас Жұмағұлов: Екі әйелім, алты балам бар

0 330

UFC балуаны, ең жеңіл салмақ санатындағы аралас жекпе-жек спортшысы, AMC Fight Nights жаһандық лигасының бұрынғы чемпионы Жалғас Жұмағұлов отбасы жайлы баяндады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы спортшы «Разрешите вас перебить» YouTube арнасында айтты.

Спортшы қарсыластары мен жекпе-жекке дайындығы туралысөз етті.  Жалғас Жұмағұлов сұхбат барысында екі әйелі барын жасырмады. Спортшы алты баланың әкесі. Екі әйелі екі жақта тұрады.

“Менің екі әйелім бар. Алты балам бар. Екі әйелім екі жақта тұрады. Бастапқыда қиындықтар болды. Ол уақыттан өттік. Сондықтан қазір үйренісіп қалдық. Екі әйеліме кезек-кезек барамын. Бір күн бірінші әйелімнің, бір күн екінші әйелімнің қасында боламын. Егер кеткен кезде екінші әйелім шығарып салса, келесіде бірінші әйеліме барамын. Солай тең қараймын”, – деді спортшы.

Жұмағұлов Манел Капенің қазақтарға қатысты айтқан сөзіне ренішін жеткізді.

“Капенің “бүкіл қазақ менің алдымда тізерлейтін болады” дегені менің намысыма тиді. Мен оның қолын алмаймын. Ол өзі қолын ұсынып, кешірім сұрамаса қолын алмаймын дедім. Оны жазалағым келеді”, – деді Жұмағұлов.

5 желтоқсан күні таңертең Нұр-Сұлтан уақытымен Лас-Вегаста (АҚШ) UFC on ESPN 31 турнирінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-6) мен Манел Капе (17-6) арасында жекпе-жек өтті.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ соңында дейін созылмады. Жекпе-жек алғашқы бес минутта ауыр нокаутпен Капенің жеңісімен аяқталды. Ангола өкілі MMA-да он жетінші, UFC-де екінші жеңісіне қол жеткізсе, Жұмағұлов мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырап, UFC-де үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.