Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркия елдің халықаралық атауын өзгертті

0 439

Түркия президенті Тайып Ердоған елдің жаңа экспорттық брендін «Türkiye» терминіне өзгертетіні туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

Жарлық құжаты Resmi Gazete деп аталатын басылымда жарияланды.

Енді Түркиядан келетін өнімдер «Made in Turkey» дегеннің орнына “Made in Türkiye» деген бірыңғай брендімен экспортқа шығарылады.

Жарлықта бұл шешім «еліміздің бай мәдениеті мен мұрасын көрсететін кезекті кешенді қадам» деп көрсетілген. Ол түрік экспорттаушыларының адалдығын растауға арналған, делінді басылымда.

«Türkiye» термині түрік халқының мәдениеті мен құндылықтарын толық көрсетеді.

Сондай-ақ, енді елдің барлық ресми құжаттарында, соның ішінде шет мемлекеттермен және ұйымдармен кез келген хат-хабарларда Turkey, Turkei, Turquie сөздерінің орнына бірыңғай Türkiye термині қолданылады.

Дәл осы жазу шет мемлекеттермен және ұйымдармен хат алмасуда қолданылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.