Қалалық қоғамдық-саяси газет

6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

0 255

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде желдің күшеюі күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнде Алматы облысы Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, солтүстік-шығысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында, тау бөктерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында көктайғақ күтіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.