Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сиви Махмуди денсаулығындағы ақауға байланысты кеудесіне пластикалық ота жасатқан

0 450

Жақында омырауына пластикалық ота жасатып, мұнысын дүйім жұртқа жария еткен Сиви Махмуди сынға қалған еді. Көпшілік мұның күнә екенін айтып, әншінің қылығын бетіне басуда. Алайда Сиви еріккеннен операция жасамағанын айтады. Сөзіне қарағанда, денсаулығындағы ақауға байланысты пластикаға келісуге мәжбүр болған, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жұрт өмір бойы мені «түрің жасанды» деп айыптайды. Бірақ бұл менің алғашқы операциям. Оның өзінде ісік (киста) болғандықтан жасаттым. Кеудемнің өлшемі қашанда мінсіз болған. Одан басқа пластика жасатқан емеспін. Бәрі өзімдікі», – деп мәлімдеді Сиви.

Сондай-ақ, әнші Instagram-дағы оқырмандары жолдаған өзге сауалдарға жауап берді. Ол гардеробындағы ең қымбат көйлектердің бірін көрсетті. Бағасын да жасырмады.

«Өте көп қымбат көйлектер бар, есімде жоқ. Мысалы, мынау шамамен 3 мың доллар», – еді ол.

Махмуди отбасын сақтап қалу үшін көп нәрсеге шыдайтынын атап өтті. Алайда:

«Бірақ адам бағаламай, шектен шығып кетсе, біржола кетуім мүмкін», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.