Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шығыс Қазақстанда әйел үш баласын суық үйде қалдырып, өзі жоғалып кеткен

0 270

Шығыс Қазақстан облысында үш баласын суық үйге тастап кеткен әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

27 қарашада Бесқарағай аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы “қолайсыз отбасы” санаты бойынша есепте тұрғандарды тексеру барысында үйде қараусыз қалған үш балаға тап болды.

Тоғыз, жеті және үш жастағы кәмелетке толмаған балалар бірнеше күн үйде жалғыз болған. Олар пеші бірнеше күн бойы жағылмаған суық үйде отырған.  Анасы үйге мас күйде оралды.

Кәмелетке толмаған екі бала Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал  үш жасар бала Семей қаласының балалар үйіне орналастырылды.

Әйелдің әрекетіне қатысты кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия бірнеше рет әңгіме өткізген. Одан тиісті қорытынды жасамаған жалғызбасты анаға қатысты оны ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе көтеріліп отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.