Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

TikTok-тан Қайрат Нұртастың “егізі” табылды

0 695

TikTok әлеуметтік желісінен Қайрат Нұртастан аумайтын жігіт табылды. Turandos есімімен тіркелген азаматты көпшілік хитменнің “егізіне” ұқсатты, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.

Қайратқа ұқсайтын жігіттің 620 ғана оқырманы бар. Есесіне желіде жариялаған небәрі 5 видеосына қалдырылған лүпілдер мен пікірлер саны толассыз. Оқырмандардың басым дені оның Қайратқа ұқсайтынын айтқан.

“Әли-Экспресстен келген Қайрат Нұртас”, “Қайрат деп ойлап қалдым”, “Қайраттың ағасымын десеңіз, елдер сенеді”, “Копия”, “Алланың құдіретін-ай, қатты ұқсайды екен Қайрат Нұртасқа”, “Қайраттың сыңары, копия ғой”, “Бауырым, баласы емессің ба? Аумай қалыпсың”, – деп таңданды оқырмандар.

Ал жас жігіттің өзі ешқандай ақпарат қалдырмаған. Видеоларда Қайраттың әнін қосып, дайындықта жүргендей түр келтірген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.