Қалалық қоғамдық-саяси газет

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды

0 1  870

Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен ұлғайту қолға алынып жатыр. Соған байланысты зейнетке шығатын қазақстандықтар осы жылдың соңына дейін ХҚО-ға дер кезінде хабарласуы қажет, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Неліктен зейнетке шығу үшін құжаттарды уақытында рәсімдеу керек

Бүгінде еліміздің зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп жатыр. Солардың бірі – әйелдердің зейнет жасын ұлғайту. Бұл өзгерісті жүзеге асыру үшін 2018-2027 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен 63 жасқа дейін жеткізу жоспарланған. Яғни биыл қазақстандық әйелдер 60 жаста зейнетке шыққан болса, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 жас 6 ай болған кезде ғана зейнетке шыға алады.

Зейнеткерлікке шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 60 жас (2021 ж.). «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отырады.

Әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңмен ұлғайту:

  • 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;
  • 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;
  • 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жасқа толғанда.

Ерте жаста зейнетке шығу қарастырылған:

1) 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (кемінде 5 жыл) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруды сынақтан өткізудің салдарынан зардап шеккен төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған азаматтар;

  • ерлер — 50 жасқа толғанда;
  • әйелдер – 45 жасқа толғанда.

2) 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толған кезде жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.