Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мұғалімдерге арналған Level-up: банктен қалай аванс алуға болады және басқа да лайфхактар

0 196

Stan.kz Jusan Bank-пен бірге жаңа өзгерістерге толы әлемде мұғалімдерге көмек болатын іс-әрекеттер туралы әңгімелейді.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін мұғалімдер әрқашан «ресурста» болып, заман талабына сай жан-жақты, жаңашыл болуы маңызды. Ал қолында бар қаражатпен заман ағымына қалай ілессе болады? Жұмыстан күш-қуат алу үшін не істеу керек? Қаржы туралы ойды алып тастап, күнделікті тірлікті қалай дөңгелетуге болады? Мұғалімдердің жұмысы оңай әрі жеңіл болуы үшін біз арнайы тізім жасадық.

№1. Қаржылық апгрейд жүргізіңіз

Отбасылық және жеке бюджет, күн сайынғы және жоспардан тыс алатын заттар, денсаулық мәселесі, көңіл көтеру мен демалыс – барлығы қаражатқа тіреледі. Қаржылық қолдау ешқашан артық етпейді – Jusan банк мұғалімдерге арнап аранайы акция әзірледі.

Акцияға қалай қатысуға болады?

  • Jusan жалақы картасын аласыз.
  • Карта деректемелерін бухгалтерияға өткізесіз.

Сіз жұмыс істейтін жерде басқа банк қызметін пайдаланса – ол кедергі емес, акция шарттары бойынша басқа банктен ауысуға болады. Мемлекеттік және жеке мектеп оқушылары ғана емес, сонымен қатар оқу орындарының басқа да қызметкерлері қатыса алады – Jusan оларды деректемелерінде көрсетілген БСН бойынша анықтайды.

«Осылайша біз құрметті ұстаздар қауымына кәсіби біліктіліктері мен бала оқыту ісіне сүйіспеншіліктері үшін алғыс білдіреміз. Бірінші кезекте олардың отбасылық және жеке бюджетіне аз да болса қолдау көрсету мақсатында қайтарымсыз 5000 бонус сыйлаймыз. Екіншіден, аванс орнын басатын жалақыға дейін ақша ұсынамыз. 30 күн ішінде өтеген жағдайда ешқандай комиссия мен пайыз есептелмейді»,  – дейді Jusan банк өкілдері.

Jusan беретін бонустар 

  • Жалақы картаға бірінші рет түскенде 2000 бонус және екінші рет түскенде 3000 бонус беріледі.
  • Бонустарды Jusan-Дүкенінде жұмсауға болады.

Жалақыға дейін ақшаны қалай және қаншалықты көлемде алуға болады

  • Jusan қосымшасынан онлайн өтінім бересіз
  • Жалақы картаға түскеннен кейін сізге жалақы сомасының 100% қолжетімді болады.
  • Қарыз берілген күннен бастап бірінші айда сыйақы мөлшерлемесі есептелмейді (ЖТСМ жылдық 0%).
  • Одан кейінгі айдан бастап 12 айға дейін – жылдық 22%  (ЖТСМ* жылдық 24,7%).

Қаржылық қолдау өзін-өзі дамыту мен кәсіби біліктілікті арттыру мәселесін бірінші орынға шығара алады деуге болар ма екен. Оқыту курстары, кітаптар, жаңа техника – мұғалім үшін қажет және маңызды дүниелердің саны шексіз. Ал егер қаражат болса, мұғалімнің біліктілігі мен дәрежесі анағұрлым артары анық.

Қосымша бонус: егер мұғалім банк қызметтерін пайдалана отырып, өзінің кірістері мен шығыстарын онлайн-банкинг арқылы бақылап отыратын болса, алаяқтардың құйтырқы әрекеттеріне берілмей, күмән тудыратын оңай келетін ақша көздеріне көз салмастан,  ақшаны қайдан табу жолдарын білетін болса, ол оқушылардың ақша және қаржы туралы сұрақтарына бірден жауап бере алатыны анық.

*ЖТСМ – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

№2. Технологияларға «Иә!» деңіз

Өткен жыл ешкімді бей-жай қалдырмады, қалай болғанда да ол әркім өзінше дамуға тырысты. Оқу процесінде whats app, zoom топтары және басқа да байланыс құралдары пайда болды. Оларсыз қазір мектепті елестету мүмкін де емес шығар. Осымен шектелмеңіздер, әрі қарай дамыңыздар, бір орында тұрмаңыздар, жаңа дағды қалыптастырыңыздар. Өзіңе де, жұмысыңа да пайда әкелетін білім беру платформалары мен онлайн курстары, ыңғайлы сақтау сервистері мен әлеуметтік желілер, пайдалы қосымшалар, тіпті ойындардың өзі ойды жинақтап бір арнаға бұруға немесе демалуға көмектесетіні қазір ешкімге жасырын емес. Басқа сөзбен айтқанда, өмірді жеңілдетуге болатынның бәрін пайдаланамыз және бұдан кейін техникалық прогрестерден бас тартпаймыз.

№3. soft skills-ті ақылмен жадқа түйіңіз

Кез келген мамандықта ең басты нәрсе – жеке қасиет немесе soft skills. Ең бірінші бұл термин мұғалімдерге таныс. Тексеріп көрейік: профильге жатпайтын «оңтайлы» қасиеттерге жеке-дара қарым-қатынас және коммуникация дағдысы (әріптестермен, оқушылармен және ата-анамен), тыңдай білу және өтінім мәніне бойлай қарау, қатаң тайм-менеджмент (барлығы кестемен, басқасына жол жоқ) және эмпатия (бәріне және барлығына жанашырлықпен қарау) кіреді. Мұғалімдер үшін бұл таңсық па? Әрине, жоқ. Алайда, мұғалімдер ортасында бұл интуитивті түрде болмаса, көру және қателесу әдісімен орын алып отырды.

Бүгінгі таңда осы айтылған және басқа да профильдік емес дағдыларды дамыту оңай – интернет пен психологиялық курстар сіздің алдыңызда. Пайдасын бірден байқайсыздар: психологиялық тұрақтылық, ойдың өзгеруі, шешімді ақылға салып қабылдай алу, кез келген педагог үшін must-have.

№4. Өзгерістен қорықпаңыз

Біздің көз ілеспейтін жылдамдықпен өзгеріп жатқан мына әлемді онсыз елестету мүмкін болмай қалды. Өмірдегі өзгерістерді сабақ арасындағы үзілістердей, аздап демалып алып, жаңа әрі қуанышты нәрсеге бет бұру деп қабылдаңыз. Алдағы уақытқа нақты жоспар құрып, болжау жасау көп адамның еншісіне беріле бермейді, дегенмен заман талабына сай болып, өзгерістерге шапшаң бейімделу, ойыңды жинап алып, басымдықты бір нүктеден екінші нүктеге жылдам ауыстыру әркімнің де қолынан келетін әрекет.

Одан кейін қарқынды іс басталады: енді сіз бейімделіп қана қоймай, осы өзгерістің бастаушысы, қолдаушысы болуға тиіссіз. Ол үшін заман ағымын бірден сезініп, трендтерді ажырата білуіңіз керек, өзекті оқиғалардан хабардар болып, заман ағымына ілесу өте маңызды. Әрине елдің бәрін танып-білу, әр жаңалықтан хабардар болу  қажет емес, тіпті ол мүмкін де емес. Бірақ дәл өзіңе қажеттіні, өзіңнің толыққанды бала алдында жетілген ұстаз екеніңді танытуға қажет ақпарат пен біліктілікті меңгеру –  бұл үлкен өнер!

Мұғалім үшін тағы не керек? Жыл сайын өткізіліп отыратын медициналық чек-ап, өзің және жеке қажеттіліктерің үшін артық уақыт, сүйікті ісіңнің болуы және жұмыстан басқа да қызығушылықтар, жақсы, қызықты демалыс, тыныш ұйқы.  Бір сөзбен айтқанда, балаларды игі іске үйрету үшін алдымен өзімізден бастайық. Бастысын ұмытпайық: өз  ісіңді сүй, сүйікті ісіңді жаса.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.