Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар әйел босанды

0 1  422

Шымкентте туғанынан білегі жоқ және сүйек сынғыштық – остеогенез дертіне шалдыққан 29 жастағы Заретта Құрманғожинова есімді әйел босанды. Ол – балалар үйінің тәрбиеленушісі, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жас әйел басына түскен сынақтарға қарамастан, ән айтады, би билейді. Ал жақында ана атанған, Даниал есімді ұлын дүниеге әкелді.

«Дәрігерлерге рахмет. Мен ұлыма жақсы тәрбие беру үшін бар күшімді саламын. Менің қолымнан бәрі келеді деп ойлаймын. Мен ұлымды мұсылманша Даниал деген ат қойдым», – деді жас ана.

Жас ана қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігеріне, анестезиолог пен акушер-гинеколог дәрігерлерге алғысын білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.