Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Аяққа қайта тұрмауыма хақым жоқ»: Әуелбекова ұлының туған күніне ерекше сый жасады

0 294

Жақында ажырасқанын мәлімдеген Мөлдір Әуелбекова тұңғышы Салтайдың туған күнін ерекше атап өтті. Былтыр ұлына лайықты мереке жасап бере алмаған әнші биыл бұл олқылықтың орнын өтеуге барынша тырысқан. Желіде жантебірентерлік жазбасымен бөліскен Мөлдір көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

5 жасқа толған Салтай Мөлдірдің алғашқы некесінен туған. Әнші жыл сайын дәстүрлі түрде тұңғышының төл мерекесін атап өтеді екен. Былтыр дәстүрді бұзуға тура келгенін айтады.

«Былтыр мүмкіндігім болмады. Расымен сынақта болдым. Аллаға шүкір бәрі өтті, кетті! Аяғыма қайта тұрмауыма хақым жоқ, сендер үшін жанымды беремін! Міне, бүгін қайта тік тұрып, сені қуантуға дайынмын! Мен сені қатты жақсы көремін! Туған күніңмен балам!

Бұл кешті ерекше күттім. Көп дайындық болды. Мейрамхана, торт, безендіру, видеотүсірілім, фото, қонақтар тізімі, сыйлықтар, т.т. Ең қиыны, неге екені, анимация таңдау болды», – деп бөлісті Мөлдір.

Әуелбекова ерекше туған күн кешінен видео жариялады. Ал фанаттары әншінің ұлына бар жақсылықты тіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.