Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қызылордада Сырдария өзеніне көлік құлап кетті: Жүргізушіні құтқару мүмкін болмады

0 407

Қызылордада көлік Сырдарияға өзеніне құлап кетті. Жүргізуші шыға алмай, көлікпен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлікте тағы бір жолаушы болған. Ол өз бетімен судан шығып, аман қалды.

Облыстық төтенші жағдайлар департамментінің хабарлауы бойынша, құтқарушылар қазақ тапқан жүргізішінің көліктен шығарғанда ол жан тапсырып үлгерген.

«Бүгін таңғы сағат төрттер шамасында Қызылорда қаласындағы Рисмаш ықшамауданында көлік Сырдарияға құлап кетіп, оның ішінде ер адам қалып қойғаны туралы хабарлама түсті. Су астындағы іздеу жұмыстары сағат 4-те басталды», – деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД.

Анықталғандай, оқиға кезінде көлікте екі адам болған, 1994 жылы туған жүргізуші көліктен шыға алмай қалған. Оның 1994 жылы туған жолаушысы көліктен түсіп, жағалауға жетіп үлгерген.

«Көлік судан шығарылды, жүргізушінің денесі туыстарына тапсырылды. Су астынан іздеу жұмыстарына 17 құтқарушы 4 техника мен бір жүзу құралымен қатысты», – деп хабарлады ТЖМ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.