Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте эпилепсия талмасына ұшыраған жүргізуші ағашқа соғылып, көз жұмды

0 532

Шымкентте есін жоғалтқан жүргізуші ағашқа соғылып көз жұмды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

28 қараша күні сағат 17:30-да Ақпан батыр мен Мәншүк Мәметова көшелерінің қиылысында “Toyota Camry” автокөлігінің жүргізушісінің эпилепсия талмасы ұстап қалды. Есін жоғалтқан жүргізуші ағашқа соғылып, көз жұмған.
Апатқа ұшыраған ер адамның жасы шамамен 35-40-та.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем ер адамның өлгенін анықтаған.

Жол-апатының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Автокөлік салонында болған жолаушы жеңіл жарақат алған.

Айта кететін жайт, эпилепсиямен ауыратын адамдар жүргізуші куәлігін тек белгілі бір жағдайларда ала алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.