Қалалық қоғамдық-саяси газет

Есірткіні зоосалонда сақтаған: Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

0 314

Елордалық полицейлер 6 адамнан тұратын қылмыстық топты әшкереледі. Олар Нұр-Сұлтан қаласында есірткі сатумен шұғылданған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілердің үйлеріне тінту жүргізген полиция қызметкерлері каннабис тобына жататын есірткі заттарын тауып, тәркіледі.
11,5 келіге тең есірткінің негізгі бөлігі қылмыстық топтың ұйымдастырушысынан табылған. Ол есірткіні жұбайына атына тіркелген зоосалонда сақтаған.

Есірткі салынған қапшықтар жануарлар арналған азықпен бірге сақталған. Бұл қызметтік иттерді ізден шатастыру үшін жасалған.

Қылмыстық топты ұйымдастырушы есірткіні Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан әкелген. Қаптамаға орап, есірткіні таратушы топ мүшелеріне беріп отырған.

Арнайы жүргізілген шараның нәтижесінде 2,5 мың гашиш дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді.

Аса ірі салмақта заңсыз есірткі айналымы үшін айыпталушыларды он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар мал-мүлкі тәркіленеді.

Ұйымдасқан топтың барлық мүшелері қамауға алынды. Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.