Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаратау қаласының әкімі сайланды

0 1  810
Кеше Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің сайлауы өткізілді. Сайлауға 3 кандидат қатысты. Оның 1-еуі «Nur Otan» партиясының атынан түссе, қалған 2 үміткер өзін-өзі ұсынған.
Сайлаушылардың келуі 88,16 пайызды немесе 14 621 сайлаушыны құрады (сайлаушылардың саны – 16585).
Сайлауға 7 бақылаушы, 3 кандидаттың 28 сенімді өкілдері қатысты.
Сайлау талаптар мен санитарлық нормаларды сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
«Nur Otan» партиясынан ұсынылған Дархан Тобашұлы Баймбетовке дауыс беру қорытындысы бойынша 11 904 сайлаушы (82,53%), өзін-өзі ұсынған Жарқынбек Үсенғалиұлы Оразымбетовке – 1777 сайлаушы (12,32%), өзін-өзі ұсынған Бейсенбек Елеукенұлы Искаковқа  – 743 сайлаушы (5,15%) дауыс берді. «Барлығына қарсы» дауыс берген – 17 адам (0,1%), жарамсыз деп танылған – 168 бюллетень (өзімен алып кеткен – 12).
Сайлау қорытындысы бойынша Дархан Тобашұлы Баймбетов сайланды. Ол «Nur Otan» партиясының атынан 11904 дауыс (82,53%) жинады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.