Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің сайлауы таңғы сағат 07:00 де басталды.
Бұл лауазымға үш үміткер қатысуда. Оның бірі – Nur Otan партиясының кандидаты Баймбетов Дархан Тобашұлы және өзін-өзі ұсынған Искаков Бейсенбек Елеукеновичпен Оразымбетов Жарқынбек Усенгалиевич.
Қаратау қаласы, М.Әуезов атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №411 сайлау учаскесі бүгін сағат 7:00-де жұмысын бастап кетті.
Ең алғашқы болып қала тұрғыны Орынбек Асылжан Ермекұлы дауысын өзі таңдаған кандидатына берді. Асылжан Ермекұлы болашақ қала әкіміне сәттілік тілей отырып, қаланың дамуына үлкен үлесін қосатынына сенім білдірді.
Сайлау учаскесі сағат 20:00-де жабылады.