Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баспана бақыт сыйлады

0 221

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», сондай-ақ, «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында еліміздің әр өңірінде игі істер жүзеге асырылуда. Соның бірі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған – «Асарлатып үй салу» жобасы,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жоба аясында бүгін аудан көлемінде Аққұм ауылында төрт бөлмелі үй пайдалануға берілді.

Бұл осымен аудан аумағындағы биылғы жылы ел игілігіне берілген 7-ші баспана.
Төрт бөлмелі жеке үй ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлердің демеушілігімен, ауыл ақсақалдары мен жастарының көмегімен жүргізілді. Аталған баспана ауыл тұрғындарының ұйғарымымен көп балалы ана Альбина Есенамановаға берілді.

Игілікті іске аудан әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев, Талас ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов, Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы қатысып, қуаныш иесіне тілеулестігін білдірді.
– Облыс әкімінің бұл бастамасы талай жанұяға қуаныш, қаншама отбасына көңіл сыйлады. Аталған үйдің шаңырағы әрқашан биік, іші бүлдіршіндердің күлкісі мен қуанышына толы болсын деп құттықтау сөзін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Роман Әлімханұлы жалпы сауабы мол игі іске аядай ат салысқан бірқатар ауыл тұрғындарына «Алғыс хаттар» табыстады.
Дәстүрді сақтап, игі іске сеп болған азаматтардың атсалысуымен бой көтерген баспананың ашылу салтанатында тілеулес тұрғындар аз болмады.
Өзгелер үлгі алатын осы бір өнегелі істе ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Пәрімбек Бейсенұлы аталық ақ батасын беріп баспана кілтін көп балалы анаға табыстады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.