Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа дәуірдің жалынды жастары

0 237

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру, оқырманның бойындағы патриоттық сезімін күшейту, Тәуелсіздік құрдастары, әртүрлі санаттағы жастардың белсенді өкілдерінің 30 жылда өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісу мақсатында кітапханада «Жаңа дәуірдің жалынды жастары» кездесу кеші өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Кештің қонақтары Тәуелсіздіктің құрдастары, Жамбыл облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек Болатбекұлы, жас ақын, республикалық айтыстарының жүлдегері Әсет Дүйсебаев, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының домбырашысы, Қазақ Ұлттық оркестірінің әртісі, Халықаралық және Республикалық конкурстарының лауреаты Абдрахманов Наурызхан, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Ақкербез» және «Айша бибі» би ансамблінің жетекшісі Конарбаева Айжан және Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қанапина Іңкәр.

Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз. Сол жастарымыз, яғни Тәуелсіздіктің төл құрдастары биыл 30 жасқа толды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, №49 мектеп-гимназияның «Замандас» драма үйірмесінің орындауында «Желтоқсан таңы» көрінісімен ашылды.

Оқырмандар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерінің тарихи деректерімен танысып, кеш қонақтарының өмірдеректерінен алынған қысқа үзінділеріне назар аударды. Әр қонақ өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, жастарға ақыл-тілектерін білдірді. Кеш барысында «Қазақ елі» әні орындалып, Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.